Әлем футболы

«Барселона» өзіне «жаңа Яя Туре» іздеп жатыр. Оны АПЛ-дан тапты

«Барселона» өзіне «жаңа Яя Туре» іздеп жатыр. Оны АПЛ-дан тапты
news-banner7
mobile-news-top

Каталониялық «Барселона» англиялық «Ньюкаслдың» жартылай қорғаушысы Бруно Гимарайэшқа көз тікті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mundo Deportivo мәліметінше, каталониялықтар «жаңа Яя Турені» іздеп жатыр және қазірдің өзінде алаңның ортасын нығайта алатын үш ойыншыға назар аударды. Солардың бірі – «Ньюкаслдың» 26 жастағы бразилиялық ойыншысы Бруно Гимараэш. Жартылай қорғаушы 2022 жылы «Лионнан» «Ньюкаслға» ауысқан. Осы маусымда ол Ағылшын Премьер-Лигасында 14 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Ағылшын Премьер-лигасы 2023/2024 маусымының 15 турынан кейін «Ньюкасл» 26 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер