русский язык
Футзал

Қазақстан құрамасына шақыртылған футзалшылар белгілі болды

Қазақстан құрамасына шақыртылған футзалшылар белгілі болды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Нидерланд және Румынияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 18 ойыншы енді.

Оқу-жаттығу жиыны 10 желтоқсанда Астанада басталады. Еске сала кетейік, желтоқсан айында біздің команда Әлем чемпионатына іріктеудің соңғы матчтарын өткізеді.

Қазақстан – Нидерланд
14.12.2023 | 20:30
Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайы, Астана

Румыния – Қазақстан
20.12.2023 | 23:00
Рапид-Валентин Станеску Холл, Бухарест

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;