русский язык
Әлем футболы

«Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы Онана Африканың ең үздік қақпашысы атағына үміткер

«Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы Онана Африканың ең үздік қақпашысы атағына үміткер
news-banner7
mobile-news-top

Африка футбол конфедерациясының (CAF) баспасөз қызметі 2023 жылғы құрлықтың үздік қақпашысы атағына таласатын үш қақпашының есімін жариялады. Марапаттау рәсімі 11 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биыл бұл марапатқа «Манчестер Юнайтед» пен Камерун құрамасының қақпашысы Андре Онана, сауд арабиялық «Әл-Хиләлдің» марокколық қақпашысы Яссин Боно және мысырлық «Әл-Ахлиден» Мохамед Эль-Шенави үміткер.

Айта кетейік, 2023 жылы Онана миландық «Интерде», ал Боно испаниялық «Севильяда» ойнаған.

Биыл 34 жастағы Эль-Шенави Африка чемпиондар лигасын, сондай-ақ Египет чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп алды. 32 жастағы Боно «Севильямен» Еуропа лигасының кубогын жеңіп алды. 27 жастағы Онана «Интермен» Италия кубогы мен суперкубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;