русский язык
Басқа

Қазақстанда бадминтон спортынан халықаралық турнир басталды

Фристайл-могулдан Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Юлия Галышева биылғы маусымға қатысты жоспарын айтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы жаңа маусымды бастап кетті.

"Бұл маусымда көп жарысқа қатыспаймын. Себебі, жарақатымнан айығып жатырмын. Қазір бір-екі турнирге қатыстым. Грузиядағы бәсекеде бақ сынауды жоспарлап отырмын.

Ең бастысы - Алматыда өтетін әлем кубогі кезеңінде өнер көрсетемін. Биылғы мақсат - осы.

Ал спорттық мансабымды әзір аяқтамаймын. Мұндай әңгімені кім шығарғанын да білмеймін", - деді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;