русский язык
ММА

Қазақстандық файтердің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтердің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Әйгілі қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Dar Pro Team баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмабаев америкалық Си Джей Вергараға қарсы төбелеседі деп хабарланды. Жекпе-жек Майамидегі (Флорида, АҚШ) UFC 299 турнирі аясында өтеді. Жарыс 9 наурызға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Асу Алмабаев лигадағы дебюттік жекпе-жегін осы жылдың тамыз айында Нэшвиллде өткізіп, АҚШ азаматы, бірақ шыққан тегі ямайкалық Оде Осборнды жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;