русский язык
Басқа

Парадзюдодан Қазақстан құрамасы қоржынында 4 медаль бар

Парадзюдодан Қазақстан құрамасы қоржынында 4 медаль бар

Қоржынымызда 4 медаль. Оның біреуі алтын. Дәл қазір Жапония астанасы Токио қаласында парадзюдодан әлемдік гран при өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық қыз-жігіттер 4 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе ең жеңіл салмақтағы Ақмарал Науатбек финалға дейін жетіп, соңғы сында әзірбайжандық спортшыны жеңді. Ал 57 келідегі Даяна Федосова ақтық айқаста өзбекстандық дзюдошыға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Ерлер арасында 73 келі салмақта Олжас Оразалыұлы да финалда жеңіліп қалды. Ол жапониялық Сетто Юджиромен жолыққан болатын. Ал орта салмақтағы Ерғали Шамей үшінші орынға таласта тағы бір қазақстандық Аслан Нұрдаулетовты жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Қазақстан еншісіндегі медальдар саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені, бүгін басқа салмақтардағы үздіктер анықталады.

Айта кетейік, әлемдік гран-приге 46 мемлекеттен бас-аяғы 180-нен аса қатысушы жиналды. Ел намысын 18 спортшы қорғап жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;