русский язык
Бокс

Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті

Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті

Қазақстандық боксшы Нұрасыл Төлебек Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

54 келі салмақта Төлебек үндістандық боксшы Джатинмен кездесіп, оны 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрасыл Төлебек Қазақстанға әлем чемпионатының төртінші алтынын әкелді.

Айта кетейік, кеше қыздар арасында Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі) және Айсұлу Мұхит (66 келі) чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;