Шорт-трекші Дінмұхамммедалдияр Тәжібай Әлем Кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды
Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогы кезеңінде қазақстандық Дінмұхаммедалдияр Тәжібай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 1000 метр қашықтықта үшінші келді. Корея спортшысы Хан Бён-Чан чемпион атанса, екінші орын Нидерланды спортшысы Бас Ван Дер Валькқа бұйырды.
Жарыс Леэварден (Нидерланды) қаласында 2-3 желтоқсан аралығында өткен болатын.