русский язык
Әлем футболы

«Қайраттың» экс-жұлдызды ойыншысы Бразилия клубымен қош айтысты

«Қайраттың» экс-жұлдызды ойыншысы  Бразилия клубымен қош айтысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав әлеуметтік желіде "Ресифи спорты" клубымен қоштасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Prosports.kz.

39 жастағы футболшы Бразилияның екінші дивизионда өнер көрсететін клубпен келісімшартты аяқтады.

"Мен бір сөзбен қоштасамын: алғыс. Маған өз елімде қайтадан ойнауға мүмкіндік бергені үшін клубқа алғыс айтамын. Біздің команда отбасы болды, біз соңғы секундқа дейін бірге мақсатымыз үшін күрестік. Соның ішінде мені әрқашан үлкен сүйіспеншілікпен қабылдаған жанкүйерлер. Мен команданың заңды орнына оралуын қолдаймын. Барлығыңызға тағы да рахмет", - деп жазды Вагнер Лав.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;