Зайнутдиновтің командасы сырт алаңда «Анкарагюджюмен» тең ойнады
![Зайнутдиновтің командасы сырт алаңда «Анкарагюджюмен» тең ойнады](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_7133afd52c156432e354bf9259f58dff.jpg?v=28671961)
Бүгін, 3 желтоқсанда футболдан Түркия чемпионатының 14-туры аясында «Бешикташ» сырт алаңда «Анкарагюджюмен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Анкара қаласында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.
Қазақстан құрамасының және «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, 58-минутта ауыстырылды.
14 матчтан кейін «Бешикташ» 26 ұпаймен Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде үшінші, «Анкарагюджю» 17 ұпаймен 12-орында тұр.