русский язык
Хоккей

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚХЛ үздік ойыншылары тізіміне енді

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚХЛ үздік ойыншылары тізіміне енді

Астаналық «Барыс» пен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы хоккейшісі Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында гол соққыш топ-3 қорғаушы қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚХЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2021 жылдан бері мәскеулік ЦСКА сапында ойнап жүр.

Үздік сұрмерген қорғаушылар тізімі мынадай:

1. Александр Никишин (СКА) — 9 шайба (36 матч)
2. Никита Нестеров (ЦСКА) — 8 шайба (32 матч)
3. Даррен Диц (ЦСКА) — 6 шайба (33 матч)
4. Дамир Шарипзянов («Авангард») — 6 шайба (35 матч)
5. Иоаннис Калдис («Динамо» Минск) — 6 шайба (36 матч).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;