Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде топ-5 қатарынан шығып қалды
![Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде топ-5 қатарынан шығып қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/472_cb86102c2895a138f1e05cd838402519.jpg?v=28697128)
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов топ-5 қатарынан шығып қалды. Ол бұған дейін төртінші орында болған, жаңа рейтингте алтыншы сатыда тұр.
Екінші ауыр салмақта Иван Дычко 11-орыннан 15-орынға түсті.
Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақта тоғызыншы орында қалды.
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта 14-орнын сақтап қалды.
Сұлтан Зәуірбектің де орны өзгермеді - ол екінші жартылай жеңіл салмақта алтыншы сатыда.