русский язык
Басқа

АҚШ-та екі дүркін Олимпиада чемпионы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айыппен жазаланды

АҚШ-та екі дүркін Олимпиада чемпионы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айыппен жазаланды

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, америкалық жүзуші Клит Келлер 2021 жылы 6 қаңтарда Капитолийде болған тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ресми үкімін алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келлер үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, спортшы алты айға үйқамаққа және 360 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Еске салайық, АҚШ үкіметінің ғимаратындағы тәртіпсіздіктер сол кездегі президент Дональд Трамптың сайлау нәтижелерін мойындамауынан кейін басталған болатын.

Бұрынғы жүзуші Капитолийге заңсыз кіргенін мойындап, қалған айыптар алып тасталуы үшін тергеумен ынтымақтасқысы келетінін айтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;