ММА-ден өзбек проспекті Қазақстандағы үлкен турнирде дебютін өткізеді
![ММА-ден өзбек проспекті Қазақстандағы үлкен турнирде дебютін өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/472_954367d65158275c89540d56976c7e8f.jpg?v=28665226)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы 2023 жылдағы соңғы ивентінің кезекті жекпе-жегін жариялады. OCTAGON 53 турнирі Алматыда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир карды жартылай орта салмақтағы кездесу толықтырды, онда өзбек проспекті, карьерасында қатарынан 5 рет мерзімінен бұрын жеңген Хотам Бойназаров (7-0) әзербайжандық файтер Эмин Шарифовпен (4-1) күш сынасады.
Айта кетейік, 23 желтоқсанда өтетін кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Сүндет Айтқұл (6-1) мен бразилиялық Клаудеси Брито (9-2) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы ұйымның жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы болады. Бразилиялық файтер бұған дейін «қазақ сехудосы» Дамир Төленовті (10-1) мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыратқан болатын.