Ауыр атлеттерден Катарда өтетін Гран-при турниріне кімдер барады
![Ауыр атлеттерден Катарда өтетін Гран-при турниріне кімдер барады](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_f2c8c8b8f68ae4989992bf3cfe767527.jpg?v=28701995)
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті ауыр атлетикадан Катарда өтетін Гран-при турниріне қатысатын спортшылардің тізімін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Олардың қатарында Олимпиада жүлдегері Денис Уланов та бар.
Гран-при турнирі 4-14 желтоқсан аралығында Катар мемлекетінің бас шаһары Дохада өтеді. Оған Қазақстан сапынан 13 атлет қатысады.
Гран-приге баратын спортшылардың тізімі төмендегідей:
45 келі: Айнұр Әбдіхалықова
59 келі: Дарья Балабаюк
67 келі: Сайрамкез Ақмолда
73 келі: Әлібек Рахымберді
73 келі: Әли Нұрбай
76 келі: Айша Омарова
81 келі: Арай Нурлыбекова
81 келі: Денис Уланов
89 келі: Асылжан Бектай
89 келі: Еламан Сейтқазы
96 келі: Кирилл Староверкин
102 келі: Әлішер Сейтқазы.
109 келі: Сұлтан Мейрам.
Айта кетелік, аталған турнирде Париж Олимпиадасына рейтингілік ұпайлар үлестіріледі.