Қазақстан – Дания матчы Еуро-2024 іріктеу турниріндегі ең үздік ойындар қатарына енді
![Қазақстан – Дания матчы Еуро-2024 іріктеу турниріндегі ең үздік ойындар қатарына енді](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/472_e11ec9f61268619bf9cfbd4013b45685.jpg?v=28670036)
УЕФА Қазақстан – Дания матчын (3:2) Еуро-2024-ке іріктеу турниріндегі ең үздік ойындардың қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
УЕФА сегіз айға созылған іріктеу кезеңі аясында өткен мачтардың ішінен үздік 9 ойынды жариялады.
Тізімде Қазақстан мен Дания арасында өткен матч бар.
ТОП-9 матч:
Италия – Англия – 1:2;
Франция – Нидерланды – 4:0;
Казахстан – Дания – 3:2;
Шотландия – Испания – 2:0;
Уэльс – Армения – 2-4;
Молдова – Польша – 3:2;
Португалия – Словакия – 3:2;
Болгария – Венгрия – 2:2;
Украина – Италия – 0:0.
Жанкүйерлер Қазақстан құрамасына мына сілтемеге өтіп дауыс бере алады. Матч 26 наурыз Астана Аренада өтті. Даниялық футболшы Хойлунд ойынның 21-минутында есеп ашып, 36-минутта дубль жасады. Екінші таймда ғана ұлттық құрама ойыншылары ширақ қимылдап, 73-минутта Бахтиер Зайнутдинов қарсылас қақпасына алғашқы голды салды. Асхат Тағыберген 86-минутта гол соғып, есеп теңестірді. Матч аяқталар тұста Абат Айымбетовтің соққан голы Қазақстан құрамасын алға шығарды.
Осылайша ойын 3:2 есебімен аяқталды. Еске салайық, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу ойындарының соңғы турында Словенияға 2:1 есебімен есе жіберіп, жарыс жолын аяқтаған еді. Алайда қазақстандық футболшылар наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына қатысып, қалған үш жолдаманың біріне таласады.