русский язык
Бокс

Соңғы жекпе-жегінде жеңілген Ангелина Лукас жақында рингке қайта шығатынын хабарлады

Соңғы жекпе-жегінде жеңілген Ангелина Лукас жақында рингке қайта шығатынын хабарлады

Қазақстандық боксшы Анеглина Лукас жақында рингке оралатынын, сол себепті жоғары деңгейде дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қызу дайындық жүріп жатыр. Жақында рингке ораламын және өзім қалағандай жекпе-жек өткіземін. Кейде жарақаттар мені одан сайын күшейте түседі. Әуесқой және кәсіби мансабымда көп тәжірибе жинадым, сондықтан қайсар мінезді адамдар ешқашан берілмейді. Мақсатым – ұлы чемпион атану. Бұл мақсатыма жетемін. Қолдаушыларға алғыс айтамын", – деп жазды боксшы.

Еске салайық, 30 қазанда 23 жастағы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) кәсіби рингте алғаш рет жеңілді. Ол Ыстанбұлда өткен титулдық жекпе-жекте Чили спортшысы Даниэле Асенхоға (15-3-3, 2 КО) есе жіберді. Матч соңында төреші алдымен қазақстандық боксшының қолын көтерген еді.

Алайда төрешілердің басым дауысымен Асенхо жеңіске жетті. Лукас кәсіби рингте 2021 жылғы желтоқсаннан бері өнер көрсетеді. Ол бұған дейін WBC International және UBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;