Биатлоннан Әлем кубогында қазақстандық спортшылар эстафетада 13-орын алды
![Биатлоннан Әлем кубогында қазақстандық спортшылар эстафетада 13-орын алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/472_bb9365bdfb24548eb0d4d71f21d08f7e.png?v=28696764)
Қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Кирилл Бауэр Эстерсунд қаласында (Швеция) өтіп жатқан Әлем кубогында 7,5 шақырымдық эстафетада 13-орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эстафета көшбасшысы Норвегия құрамасы болды (0+3, 0+4, 0+7), олар мәреге 1:14:28,4 нәтижесін көрсетті. Екінші орынды франциялық спортшылар (0+7, 0+4, 0+11) иеленді. Ал үздік үштікті германиялық биатлоншылар (0+8, 1+8, 1+16) түйіндеді.
Қазақстандықтар эстафета көшбасшыларынан 4 минуттан астам уақыт артта қалып, 1:18:58,9 секундта 1+6, 0+2, 1+8 есебімен мәреге жетті.