русский язык
Теннис

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады
Қазақстандық, әлемнің 197-ракеткасы Денис Евсеев Майя (Португалия) Челленджер турнирін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 159-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездесті. Алайда Денис Евсеев 6:4, 7:6, 6:3 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Еске салайық, бұған дейін Денис Евсеев осы турнирдегі бастапқы кездесуін сәтті өткізіп, әлемдік рейтингіде 403-орында тұрған грекиялық Стефанос Сакелларидисті жеңген еді.

Ол 1 сағат 37 минутқа созылған матчта 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;