Қырғызстандық «Жапон» танымал қазақ файтерімен жұдырықтасады
![Қырғызстандық «Жапон» танымал қазақ файтерімен жұдырықтасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201131_74918e388befb3644b28ac0056d504dd.jpg?v=28696049)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы биылғы жылдың қорытынды турнирі – OCTAGON 53-те өтетін кезекті айқасты жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Кардқа аса жеңіл салмақта қазақстандық Ақтөре Батырбек (6-2) пен қырғыз файтері Султанбек Орозмамат уулу (8-12) жекпе-жегі қосылды.
Айта кетейік, 23-і күні Алматыда өтетін турнирдің негізгі жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық белбеуге әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) таласады.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Сүндет Айтқұл (6-1) мен бразилиялық Клаудеси Брито (9-2) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы ұйымның жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы болады. Бразилиялық файтер бұған дейін «қазақ сехудосы» Дамир Төленовті (10-1) мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыратқан болатын.
Сондай-ақ осы кеште Самат Мамедов, Арнұр Қабдолдаев, Паям Назари, Фарид Алибабазаде, Мурад Абдрахманов, Альберт Ахмаев, Саят Абдуали және тағы басқалар өнер көрсетеді.