русский язык
Әлем футболы

Роналдудан Binance крипто биржасын жарнамалағаны үшін 1 млрд доллар талап етілді

 Роналдудан Binance крипто биржасын жарнамалағаны үшін 1 млрд доллар талап етілді

Бір топ инвестор футболшы Криштиану Роналдуға қарсы сотқа шағым түсіріп, әлемдегі ең ірі Binance крипто биржасын жарнамалағаны үшін 1 млрд доллардан астам өтемақы төлеуді талап етті. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Инвесторлар Binance-пен байланысты NFT-токендерінің жинағын жарнамалаған Роналду оларды шығынға батыратын инвестицияға итермеледі деп сендіреді.

BBC түсініктеме алу үшін Роналду пен Binance криптовалюта биржасына хабарласып, жауап күтіп отыр.

2022 жылдың қарашасында Binance Роналдудың виртуалды мүсіншелері болған NFT-токендерінің (блокчейн технологиясы арқылы жасалған цифрлық өнер туындылары) алғашқы топтамасын сата бастады.

Футболшы осылайша жанкүйерлеріне «көп жылдар бойы қолдау көрсеткені үшін» алғыс білдіргісі келетінін айтты.

Роналду сонымен қатар токенді сатып алушыларға бұл шығарылым «NFT әлемін өзгертіп, футболды келесі деңгейге көтереді» деп уәде берді.

Алайда 2022 жылдың қарашасында 77 долларға сатылған Роналду топтамасындағы ең арзан NFT-токен бір жылдан кейін бар болғаны 1 долларға бағаланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;