Қазақстандық нокаутер Холлоуэйдің бұрынғы қарсыласымен кездеседі
Қазақстандық файтер Самат Мамедовтің (9-0) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Ол 33 жастағы америкалық файтер Уилл Чоппен (42-20) кездеседі, жекпе-жек Алматыдағы OCTAGON 53турнирі аясында өтеді.
Айта кетейік, АҚШ файтері 2014 жылы UFC Fight Night 34 турнирінде атақты Макс Холлоуэймен кездесіп, екінші раундта жеңілген.
Ал қазақстандық спортшы тоғыз жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Айта кетейік, 23 желтоқсанда өтетін кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Сүндет Айтқұл (6-1) мен бразилиялық Клаудеси Брито (9-2) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы ұйымның жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы болады. Бразилиялық файтер бұған дейін «қазақ сехудосы» Дамир Төленовті (10-1) мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыратқан болатын.