русский язык
Бокс

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші медальді жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші медальді жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Гаухар Зарден 2023 жылы Ереван қаласында (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалдық кезеңде Зарден Мексика өкілі Валерия Ампаран Писарромен кездесті. Бұл кездесу тартысты өтіп, қазақстандық спортшының 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Гаухар Зарден әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлде алатын болды. Бұған дейін қыздар арасында Сыйла Биболсынқызы (48 келі) мен Аяжан Сыдық (54 келі) де, ұлдар арасында Нұрасыл Төлебек (54 келі) әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;