русский язык
Әлем футболы

Месси МЛС-тің үздік футболшылары тізіміне енбеді

Месси МЛС-тің үздік футболшылары тізіміне енбеді

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси МЛС-те маусымның үздік ойыншыларының символикалық командасына енбеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.

МЛС лига сайтында маусымның символикалық командасын жариялады:

Қақпашы: Роман Бюрки («Сент-Луис»)

Қорғаушылар: Мэтт Миазга («Цинциннати»), Тим Паркер («Сент-Луис») және Уокер Циммерман («Нэшвилл»)

Жартылай қорғаушылар: Хани Мухтар («Нэшвилл»), Эктор Эррера («Хьюстон Динамо»), Тиаго Алмада («Атланта») және Лусиано Акоста («Цинциннати»).

Шабуылшылар: Кучо («Коламбус»), Гиоргос Джакомакис («Атланта») және Денис Буанга («Лос-Анджелес»).

Месси «Интер Майамиге» осы жазда ауысты. 36 жастағы аргентиналық ойыншы команда сапында 14 матч өткізіп, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Фото: Simon M Bruty / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;