Ауыр атлетика

Қазақстандық 43 ауыр атлет допинг қолданған: Министрлік бұл мәселені қалай шешпек

Қазақстандық 43 ауыр атлет допинг қолданған: Министрлік бұл мәселені қалай шешпек
news-banner7
mobile-news-top

Ермек Маржықпаев ауыр атлетика федерациясының басшылығы мен бапкерлер құрамымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиында федерация өкілдері Азия ойындарын қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарын таныстырды.

Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 қола медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген еді.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев кейінгі жылдары ауыр атлеттердің жаппай допинг дауына ұшырағанын айтты. 2022 жылдан бері 43 спортшы допинг қолданды деп айыпталған.

Азия ойындары алдындағы допинг мәселесіне байланысты федерацияның басшылық және жаттықтырушы құрамы толық жаңарған соң Қазақстан құрамасы Ханчжоуда негізгі құрамда өнер көрсете алмады.

«Еліміздің ауыр атлетика спортының тарихы бай, жеңіспен өрілген тамаша дәстүрі бар. Қалыптасқан жағдайға байланысты бұл спорт түрінен бас тартуға болмайды. Жаңа басшылық пен жаттықтырушылар штабы допинг мәселесіне байланысты допинг сынамаларын мұқият тексеріп, тыйым салынған құралдарды қолдануға нөлдік төзімділік бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуі керек. Спорттан шеттетілген саңлақтарға мұндай қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетіп, оларға демеу беруіміз керек», - деді туризм және спорт министрі.

Министр ауыр атлетика федерациясының өкілдеріне спортшылардың спорттық тамақтану мен қалпына келтіру құралдарын өз бетінше сатып алуын болдырмау, барлық мүдделі мекемелермен бірлесіп фармакологиялық құралдарды сатып алу алгоритмін әзірлеу және ауыр салмақтағы спортшыларды даярлау жөніндегі жеке бағдарламаны іске қосу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер