русский язык
Әлем футболы

Холанд Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

Холанд Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-ші турында «РБ Лейпцигпен» өткен ойында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы норвегиялық үшін бұл гол осы турнирдегі 40-шы гол болды. Squawka атап өткендей, Холанд Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жылдам 40 гол көрсеткішіне жетті. Ол үшін оған 35 матч қажет болды.

Бұған дейінгі рекордты 45 ойында 40 гол соққан Рууд ван Нистелрой иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;