русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Ресейде өтетін турнирде өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші Ресейде өтетін турнирде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің 32-ракеткасы, 26 жастағы қазақстандық теннисші Александр Бублик 1-3 желтоқсан аралығында Санкт-Петербургте өтетін «Трофеи Северной Пальмиры» көрме турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде спортшылар екі командаға бөлінеді - «Львы» және «Сфинксы». Бублик жарысты ұйымдастырушылардан уайлд-кард алады және ол жарысатын команданы өз бетінше таңдай алады.

«Санкт-Петербургкке келе алатыным мен үшін күтпеген жағдай болды. Біз келіссөздер жүргіздік, бірақ жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты маусым аяқталғаннан кейін де уақыт табу қиынға соқты. Бірақ өз қалама келіп, теннис жанкүйерлерін өз ойыныммен қуанта алатындай және үйде өте маңызды уақытты өткізе алатындай етіп барлығы орындалғанына өте қуаныштымын », - деді Бублик.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;