русский язык
Әлем футболы

«Челси» «Наполидің» нигериялық шабуылшысын сатып алғысы келеді

«Челси» «Наполидің» нигериялық шабуылшысын сатып алғысы келеді

«Челси» «Наполидің» нигериялық шабуылшысы Виктор Осимхенді сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Telegraph мәліметінше, футболшы лондондық клубтың қыстағы негізгі трансферлік нысанасы. Осимхен «Челсиге» ауысуға қарсы емес екені атап өтілді. Ойыншының 100 миллион фунт стерлингтен жоғары құны келісімге кедергі келтіруі мүмкін.

Виктор Осимхен «Наполиге» 2020 жылдың күзінде ауысты. Осы маусымда Осимхен барлық турнирде 11 матчқа қатысып, 6 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt ойыншыны 120 миллион еуроға бағалап отыр.

АПЛ-дың 13 турының қорытындысы бойынша лондондық «Челси» 16 ұпай жинап, турнир кестесінде 10-орында келеді. Келесі кездесуде Маурисио Почеттино шәкірттері «Брайтонмен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;