русский язык
Әлем футболы

Лука Модрич «Реал Мадрид» рекордын жаңартты

Лука Модрич «Реал Мадрид» рекордын жаңартты

Хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич 35 жастан кейін алаңға шығу саны бойынша «Реал Мадрид» рекордын орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап.

Хорват Испания чемпионатының 14-турында «Кадиске» қарсы ойынға қатысып, 35 жасынан кейін «Реал» сапындағы 161-ойынын өткізді.

Бұл көрсеткіш бойынша Модрич 1986-1997 жылдар аралығында «Реал Мадрид» сапында өнер көрсеткен қақпашы Франсиско Буйодан озды.

Естеріңізге сала кетейік, Модрич «Реал Мадрид» сапында 2012 жылдан бері ойнап келеді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген. Ойыншының трансферлік құны 10 миллион еуроға бағаланып отыр.

Осы маусымда футболшы барлық турнирде 16 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;