русский язык
Әлем футболы

Серхио Рамос Ла Лигада рекорд орнатты

Серхио Рамос Ла Лигада рекорд орнатты

«Севилья» қорғаушысы Серхио Рамос Испания чемпионатында «Реал Сосьедадқа» (1:2) қарсы матч соңында алаңнан қуылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ITASportPress мәліметінше, футболшы Ла Лигада 21-қызыл қағаз алып, турнирде алаңнан қуылу саны бойынша рекорд орнатты.

Биыл жазда қорғаушы 18 жылдан кейін «Севильяға» оралды. 37 жастағы футболшы биыл маусым айында ПСЖ-дан кеткеннен кейін еркін агент атанған болатын.

2022/2023 маусымында испаниялық ойыншы париждіктер сапында барлық турнирде 45 матч өткізіп, төрт гол соққан.

Transfermarkt порталы футболшыны 4 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;