русский язык
Басқа

«Ред Булл» шабандозы «Формула 1» чемпионатының соңғы турында жеңіске жетті

«Ред Булл» шабандозы «Формула 1» чемпионатының соңғы турында жеңіске жетті

Формула-1 бойынша 2023 жылғы әлем чемпионатының соңғы кезеңі Абу-Даби Гран-при жарысының жеңімпазы «Ред Булл» командасының шабандозы Макс Ферстаппен атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш дүркін әлем чемпионы үшін бұл жеңіс маусымдағы 19-жеңісі.

Екінші орынды («Феррари») шабандозы Шарль Леклер алды. Үшінші болып («Мерседес») шабандозы Джордж Расселл келді.

Формула-1. Абу-Даби. Гран-приі. Жарыс:

1.Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 58 айналым.
2. Шарль Леклер («Феррари») +17,993.
3. Джордж Расселл («Мерседес») +20,328.
4. Серхио Перес («Ред Булл») +21,453.
5. Ландо Норрис («Макларен») +24,284.
6. Оскар Пиастри («Макларен») +31,487.
7. Фернандо Алонсо («Астон Мартин») +39,512.
8. Юки Цунода («Альфа Таури») +43,088 .
9. Льюис Хэмилтон («Мерседес») +44,424.
10. Лэнс Стролл («Астон Мартин») +55,632.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;