Зайнутдиновтің командасы сырт алаңда жеңіске жетті
![Зайнутдиновтің командасы сырт алаңда жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201736_325db470c69bcaabaf80d5863f5bfa7d.jpg?v=28671213)
Футболдан Түркия чемпионатының 13-туры аясында «Бешикташ» сырт алаңда алаңда «Самсунспормен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Самсун қаласында өтіп, 2:1 есебімен «Бешикташ» жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов «Бешикташтың» матчқа қатысатын құрамына кірмеді: футболшы жақында «Истанбул Башакшехирмен» болған матчта алған жарақатынан кейін жаттығуға кірісті.