УЕФА Ұлттар лигасы: Израиль – Қазақстан матчы тең аяқталды
![УЕФА Ұлттар лигасы: Израиль – Қазақстан матчы тең аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201736_162055e611543b6cf3c459b2d3576147.jpg?v=28671287)
Бүгін, 26 қарашада футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында Израильмен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу (0:0) есебімен тең аяқталды.
Айта кетейік, командалар алғашқы ойынын үш күн бұрын өткізген болатын. Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында келеді. Бірінші орында Израиль (7 ұпай).