русский язык
Қысқы

Қазақстандық конькиші жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды

Қазақстандық конькиші жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды

Италияның Базелга қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында Әлем кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неосеньорлар арасында (21 жасқа дейінгі спортшылар) қазақстандық Инесса Шумакова 1000 метрге жүгіруде 1:21.08 нәтижемен үздік үштікке енді.

Бірінші орынды италиялық Серена Пергер (1:19,28) иеленсе, күміс жүлде бельгиялық Фран Ванхуттеге (1:19,98) бұйырды.

Айта кетейік, тағы бір спортшымыз Арина Ильященко 1:21,68 көрсеткішпен төртінші болып мәреге жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;