русский язык
Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» 13 футболшысымен қош айтыспақ

«Манчестер Юнайтед» 13 футболшысымен қош айтыспақ

"Манчестер Юнайтед" футбол клубы алдағы екі трансферлік кезеңде (қысқы және жазғы) 13 бірдей футболшысымен қош айтысуы мүмкін. Команданың бас жаттықтырушысы Эрик тен Хаг ұжымды қайта жасақтағысы келеді.

Қазіргі таңда командадан кететін футболшылар қатарында Джейдон Санчо, Мэйсон Гринвуд, Донни ван де Бек, Антони Марсьяль және Рафаэль Варан сынды футболшылар бар.

Эрик тен Хаг "қызыл сойқандарды 2022 жылдың шілде айынан бастап жаттықтырып келеді. Оның бастауымен манкуниандық клуб 2022/2023 жылғы маусымда үздік үштікке ілінді. Ал қазір 12 ойыннан кейін 21 ұпай жинап, 6-орында келеді.

Түпнұсқасы: Massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;