русский язык
Басқа

Щучинскте биатлоннан ҚР Кубогының алғашқы кезеңі басталды

Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогының 1-кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бірінші күні спринтерлік жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласынан 110-ға жуық спортшы қатысты.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер құрамасы 7,5 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан алматылық Темірлан Төлегенов көш бастады. Ол мәреге 20:33.1 уақытта келсе, екінші болып ақмолалық Антон Башкиров 22.4 секундтан кейін, 20:55.5 уақытта мәре сызығына жетті. Қарағандылық Владимир Батрынча 22:06.0 уақытта үздік үштікке енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;