русский язык
Қысқы

Швейцария 2030 немесе 2034 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті

Швейцария 2030 немесе 2034 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті

Швейцария Олимпиада комитеті елде 2030 немесе 2034 жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына таласу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Берндегі Бас ассамблея отырысында федерация комитетінің мүшелері Олимпиада өткізу жоспарын бірауыздан қолдады. Швейцария елдің әртүрлі аймағында орналасқан қолданыстағы нысандарды пайдалана отырып, «орталықтандырылмаған» Ойындар ұйымдастыруға ниетті.

Қарашада Швеция үкіметі 2030 жылғы Олимпиаданы өткізуге ниетті екенін растады. Сондай-ақ, Франция Олимпиада комитеті де өтініш беретінін мәлімдеген; Саппоро (Жапония) билігі қазан айында 2030 жылғы ойындарға өтінімді қайтарып алу туралы шешім қабылдады, бірақ 2034 жылғы Олимпиадаға қатысу жоспарынан бас тартқан жоқ.

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Италияда (Милан мен Кортина-д'Ампеццо) өтеді. Швейцария бұған дейін қысқы ойындарды екі рет, 1928 және 1948 жылдары өткізген.

2030 және 2034 жылдардағы Олимпиада қайта өтетіні 2024 жылы Парижде өтетін ХОК сессиясында белігілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;