русский язык
Бокс

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізе ме?

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізе ме?

WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 11 КО) жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Prosports.kz сайты «Спорт Шредингера» телеграм-арнасына сілтеме ажсап.

– Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізер ме едіңіз?

– Жәнібек? Шынымды айтсам, оны танымаймын.

– Жәнібек қазақстандық боксшы, ол IBF және WBO чемпионы.

– Егер мұндай мүмкіндік туындаса, кез келген адаммен кездесуге дайынмын.

40 жастағы Лара ақпан айында Геннадий Головкин титулдан бас тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін WBA тұжырымы бойынша чемпион атанды. Оған дейін кубалық боксшы тұрақты чемпион болған. Оның статистикасы 29-3-3 (17 нокаут).

Лара 2022 жылы 28 мамырдан бері рингке шықққан жоқ. Орта салмақта ол екі жекпе-жек өткізіп, америкалық Томас Ламанна мен ирландиялық Гэри О'Салливанды нокаутқа түсірді.

Ал Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бәске тігілген жекпе-жекте германиялық Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;