русский язык
Бокс

Қазақ боксшысы Өзбекстан чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақ боксшысы Өзбекстан чемпионатының жартылай финалына шықты

Өзбекстанда тұратын қазақ Руслан Абдуллаев бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы турнирдегі жолын 1/8 финалдан бастады. Абдуллаев жерлестері Умар Тошмуродов пен Музаффарбек Озодовты жарыс жолынан шығарды.

Айта кетейік, 2019-2020 жылдары боксшы Қазақстандағы турнирлерге қатысып, ұлттық құрамаға кіруге тырысты. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Руслан Өзбекстанға оралды. Ол қазіргі әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;