русский язык
Басқа

Елордалық мәнерлеп сырғанаушы халықаралық жарыста күміс жеңіп алды

Елордалық мәнерлеп сырғанаушы халықаралық жарыста күміс жеңіп алды
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама сапындағы Астана қаласының спортшысы Рахат Бралин Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол қысқа бағдарламада 65.18 балл жинап, үшінші сатыға тұрақтаған. Ал еркін бағдарламадағы Рахаттың өнеріне төрешілер 128.90 ұпай берді.

Осылайша, жерлесіміз жалпы есепте 194.08 ұпай жинап, Лев Винокурден (Израиль) кейін екінші орынға тұрақтады. Қола медаль украиналық Кирило Марсакқа бұйырды (193.23 ұпай).

Айта кетейік, 20 жылдан астам тарихы бар дүбірлі додаға биыл 19 мемлекеттен 63 спортшы жиналды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;