русский язык
Әлем футболы

Еуропалық клуб ойыншыларды сатудан гөрі сырадан көбірек табыс тапты

Еуропалық клуб ойыншыларды сатудан гөрі сырадан көбірек табыс тапты

Голландиялық «Твенте» өзінің қаржылық есебінде сыра сату ойыншылардың трансферінен гөрі командаға көбірек табыс әкелетінін көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, «Твенте» шығынды есепке алғанда футболшыларды сатудан 3,75 миллион еуро (1,8 миллиард теңге) пайда тапқан.

Өз кезегінде, клубтың тамақтандырудан (негізінен стадиондағы сырадан) табысы 6 миллион еуро таза пайданы (3 миллиард теңге) құрады.

«Еуропаның ешбір жерінде клуб футболшылардан гөрі сырадан көбірек табыс табатын жағдайларды көрмеймін», - деп түйіндеді журналист Том Книпинг жағдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;