русский язык
ММА

Облыс мәслихатының депутаты Шавкат Рахмоновтың туған қарындасына үйленуге ұсыныс жасады

Облыс мәслихатының депутаты Шавкат Рахмоновтың туған қарындасына үйленуге ұсыныс жасады

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы Сора Рахмонова тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуанышты жаңалықты Сора Рахмонованың өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Ол өміріндегі бұл маңызды сәттен үш бірдей жазба салып, "Бақыттымын! Аллаға шүкір!", "23.11.2023" деп жазған.

Оның оқырмандары "Шавкаттың күйеубаласы дейсің", "Шавкат жоқта ұсыныс жасап алды, жарайсың", "Ұрып жүрме, ұят болады" деп әзілдеп, оларға бақыт тілеп жатыр.

Айта кетейік, Сора Рахмонованың болашақ күйеуі де - спортшы. 2015 жылы Нұрсұлтан Орынбасаров MMA-дегі жалғыз кәсіби жекпе-жегін өткізген. Ол джиу-джитсудан спорт шебері, алматылық клубтардың бірінің жаттықтырушысы және Алматы облысы мәслихатының депутаты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;