русский язык

Қазақстан футболында дау-дамай бұрқ етті. "Тобылдың" экс-директоры сотқа жүгінбек

Қазақстан футболында дау-дамай бұрқ етті. "Тобылдың" экс-директоры сотқа жүгінбек
Қазақстан футболында дау-дамай бұрқ етті. Демалыста жүрген қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис аң-таң болып мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Манчестер Юнайтедтің 54 жастағы бұрынғы ойыншысы демалыста жүргенде өз отставкасы туралы естиді. Ал бұл туралы 23 қарашада қостанайлық клубтың баспасөз қызметі ресми түрде жария етті. Көп ұзамай Канчельскистің Championat басылымына берген сұқбаты жарияланды.

"Мен бе "Тобылдан" кеткен? Маған ешкім ештеңе демеді әрі ешқандай құжатқа да қол қойған емеспін. Клубтың тең төрағасы айтты дейсіңдер ме? Бұлай жасау үшін қандай да бір негіз болуы керек қой. Ол мені алаяқ, қолма-қол ақша жасаумен, қаралық істермен айналысады деген техникалық сылтаумен жұмыстан шығарғысы келеді ме? Мен мұндаймен айналыспаймын, бірақ ол айналысады. Мен қазір демалыста жүрмін, 29 қарашадан кейін келемін, сол кезде бәрін анықтайтын боламыз".Андрей Канчельскис

Канчельскистің отставкаға кететіндігі туралы қауесет соңғы екі ай бойы дамылдамай тұр. Алайда, осы уақыт аралығында ресейлік маман желіде тараған бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;