русский язык
Әлем футболы

«Барселона» ПСЖ жартылай қорғаушысын сатып алуы мүмкін

«Барселона» ПСЖ жартылай қорғаушысын сатып алуы мүмкін

«Барселона» Карлос Солер мен Фабиан Руиске қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Diario Sport мәліметінше, жарақат алған Гавидің орнына ойыншы іздеп жүрген каталониялықтар ПСЖ жартылай қорғаушыларының бірін сатып алу мүмкіндігімен маусым соңына дейін жалға алуға тырысуы мүмкін.

Дегенмен ПСЖ бас бапкері Луис Энрике екі ойыншыға да үміт артып отыр, сондықтан париждіктер қазір «Барселонамен» олардың трансферін талқыламайды.

Солер осы маусымда Лига 1-де 9 матчта екі нәтижелі пас берді. Руис чемпионатта 11 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;