русский язык
Әлем футболы

Әлем чемпионатына іріктеу: Бразилия ұлттық құрамасы қатарынан үш матчта жеңілді

Әлем чемпионатына іріктеу: Бразилия ұлттық құрамасы қатарынан үш матчта жеңілді

2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты іріктеу ойындары жалғасып жатыр. Бразилия ұлттық құрамасы қатарынан үш ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

22 қараша Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06:30-да футболдан Бразилия ұлттық құрамасы өз алаңында Аргентина құрамасын қабылдады. Тартысты кездесу 0:1 есебімен аяқталды.

Матчтың жалғыз голын аргентиналық қорғаушы Николас Отаменди салды (63 минутта). Ойынның басында алаңға жиналған жанкүйерлер мен тәртіп сақшылары арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Сол себепті кездесу жоспарланған уақыттан 28 минутқа кеш басталды.

Оңтүстік Америка құрлығының 10 ұлттық құрамасы өзара іріктеу ойындарын өткізуде. Жарыс қорытындысы бойынша алғашқы орындағы 6 команда 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алады. А

йта кетейік, футболдан Бразилия ұлттық құрамасы қатарынан 4 ойын жеңіске жете алмай жүр.

22.11. Бразилия – Аргентина (0:1);
17.11. Колумбия – Бразилия (2:1);
18.10. Уругвай – Бразилия (2:0);
13.10. Бразилия – Венесуэла (1:1).

Осылайша 2026 жылғы Әлем чемпионатына Оңтүстік Америка аймағы бойынша іріктеуде 6 ойында 7 ұпай жинаған Бразилия құрамасы әзірге 6-орында. Ал Аргентина командасы 6 ойында 15 ұпай иеленіп, көш басында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;