русский язык
Әлем футболы

Еуропа чемпионатына іріктеудегі сұрмергендер анықталды

Бельгияның шабуылшысы Ромелу Лукаку футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лукаку 8 іріктеу матчында он төрт гол соқты. Португалия құрамасының көшбасшысы бомбардирлер жарысында екінші орын алды: Криштиану Роналду 9 кездесуде он гол соқты. Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 8 матчта тоғыз гол соқты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының үздік бомбардирі Бактиер Зайнутдинов болды – ол сегіз кездесуде төрт гол соқты.

2024 жылы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;