Әлем чемпионатыа іріктеуде Аргентина Бразилиядан басым түсті
![Әлем чемпионатыа іріктеуде Аргентина Бразилиядан басым түсті](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201736_a2768370b178629680003ff69523510a.jpg?v=28697249)
Рио-де-Жанейрода 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өтіп, Бразилия құрамасы «Маракана» стадионында Аргентинаға 0:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жалғыз голды 63-минутта 35 жастағы Николас Отаменди соқты.
Айта кетейік, стадионда жанкүйерлер арасындағы жаппай төбелес салдарынан ойынның басталуы 30 минутқа кешіктірілді.