русский язык
Әлем футболы

«Барселона» ПСЖ-ның екі жартылай қорғаушысына көз тігіп отыр

«Барселона» ПСЖ-ның екі жартылай қорғаушысына көз тігіп отыр

«Барселона» ПСЖ жартылай қорғаушылары Фабиан Руис пен Карлос Солерге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mundo Deportivo мәліметінше, каталониялық клуб ауыр жарақатына байланысты ұзақ уақыт бойы алаңға шықпайтын Гавидің орнына ойыншы іздеп жатыр. «Барселона» қысқы трансфер кезеңінде трансферді аяқтауды жоспарлап отыр.

27 жастағы Фабиан Руис осы маусымда ПСЖ сапында 13 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 26 жастағы Карлос Солер осы маусымда тоғыз матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;