Головкин командасындағы қазақстандық боксшы желтоқсанда жекпе-жекке шығады
![Головкин командасындағы қазақстандық боксшы желтоқсанда жекпе-жекке шығады](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201131_ab5cbdd6b6cd16d60c056de7aaf98340.jpg?v=28686801)
Супер орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) қашан шаршы алаңға оралатыны белгілі болды.
BoxRec.com ақпараты бойынша отандасымыз 14 желтоқсан күні жекпе-жек өткізеді. Бокс кеші Коста-Меседе (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді. Қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.
Али Ахмедов соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында кездесу өткізді. Лас-Вегаста өткен бокс кешінде америкалық Габриэль Росадоны (26-17-1, 15 КО) төрешілер шешімімен ұтып шығып, IBF NA және WBC Silver белбеулерін жеңіп алды.
Айта кетейік, Али Ахмедов Геннадий Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясы құрамындағы боксшы.