Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
![Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201736_92166087c07702b9fc95126f9ec46371.jpg?v=28686924)
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (19-1, 14 КО) ұзақ уақыттан кейін рингке қайта оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының мәліметінше, Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 14 желтоқсанда Коста-Месада (Калифорния, АҚШ) өтеді деп жоспарланған. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.
Айта кетейік, Ахмедов кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы қыркүйекте Лас-Вегаста өткізді. Онда америкалық боксшы Габриэль Росадоны (26-17-1, 15 КО) жеңіп, IBF North American және WBC Silver белбеуіне ие болған.